ШЫМКЕНТ: «Қарттар күнінде» қариялар шахматтан жарысты

0
1 511

Бұл сайысқа 70 пен 90 жас аралығындағы қарттар қатысқан.


ШЫМКЕНТ: «Қарттар күнінде» қариялар шахматтан жарысты

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Қарттар күні» қарсаңында шымкенттік ардагер ақсақалдар шахмат ойнап жарысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Орталық саябақта» өткен жарыста алғашқы болып сөз алған «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов ардагерлерді мерекемен құттықтады.

«Орталық саябақ» алаңына 100-ге жуық қариялар осы шахмат ойынын ойнауға көп жиналады. Мұнда саналы ғұмырын, еліміздің дамуына күш-жігерін сарп еткен ақсақалдарымыз бар. Мақсатымыз осы жандармен дидарласып, шахмат ойындарын көріп тамашалау. Қариясы бар елдің – қазынасы бар демекші, бұл кісілердің қазынасы – ақыл-ойлары. Бүгінгі сайыстың арқасында қарияларды құрметтеуді дәріптейміз», - дейді Бахадыр Мәдәліұлы өз құттықтауында.


Сондай-ақ, «Ақтұлпар»шахматтық клубында екі турға бөлініп өткен бұл сайысқа 70 пен 90 жас аралығындағы 60-тан астам қария лар қатысып, 3-орынға Берік Анетбаев пен Сәмен Бөріхан, 2-орынға Ниль Олег пен Ғапбар Асанов ие болса, 1-орынды Спабек Теңгебаев пен Дәулет Кюлбашев иеленген. Сонымен қатар, жүлдергерлерге сыйлықтар табыс етілді.