ШЫМКЕНТ: Кәсіпкерлерге арналған «Бірыңғай есеп күні» өтеді

0
1 141

Іс-шара заңнама талаптарын бұзудың алдын алу мен кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған.


ШЫМКЕНТ: Кәсіпкерлерге арналған «Бірыңғай есеп күні» өтеді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Бірыңғай есеп күні» өткізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылдың 30 қыркүйегінде Шымкент қаласында ҚР Президентінің тапсырмасы аясында «Бірыңғай есеп күні» өткізіледі. Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты – заңнама талаптарын бұзудың алдын алу мен кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру. Сонымен қатар, «Есептің бірыңғай күні» аясында бақылау-қадағалау органдары кәсіпкерлер алдында есеп береді және олармен мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі идеяларды талқылайды.

Атап айтсақ, кездесуге Шымкент қаласының әкімдігі, Прокуратура органдары, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ, Шымкент қаласындағы басқа да бақылау-қадағалау органдарының өкілдері қатысады. Тиісінше, кәсіпкерлер осы мүмкіндікті пайдаланып, бақылау-қадағалау органдарына көкейдегі сұрағын қоя отырып, жауабын ала алады.

«Бірыңғай есеп күнін» өткізу уақыты мен орны: Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты (үлкен мәжіліс залы, 2-қабат, 30.09.2019ж., сағат 17:00).