ШЫМКЕНТ: Кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру бойынша байқау жарияланады

0
926

Байқауға ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен жас кәсіпкерлер қатыса алады.


ШЫМКЕНТ: Кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру бойынша байқау жарияланады

Шымкентте «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру бойынша байқау жариялайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Байқауға ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен жас кәсіпкерлер қатыса алады. Мемлекеттік гранттарды жеңіп алу арқылы, өз кәсібін дөңгелетуге мол мүмкіндік беріледі.

Байқау ашық конкурс түрінде өтеді. Қатысамын деп ниет білдіргендер болса, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына немесе фронт-офиске өз өтінімдері мен құдаттарын өткізулері тиіс.

Байқауға құжат қабылдау осы жылдың «15» маусымынан бастап «29» маусымға дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мекен-жайы:
Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы 10.
Пошталық мекенжайы: 160000.
Байланыс телефоны: 8 (7252) 24-75-12, 24-74-27.