ШЫМКЕНТ: Кәсіпкерлерге түрлі қызмет көрсететін орталыққа 5 мыңға жуық адам жүгінген

0
749

Е.Айтаханов аталған орталық бизнес өкілдерінің басын қосатын алаңға айналу керек екенін айтты.


ШЫМКЕНТ: Кәсіпкерлерге түрлі қызмет көрсететін орталыққа 5 мыңға жуық адам жүгінген

Шымкент қаласының әкімі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған орталықтың жұмысымен танысқан Е.Айтаханов инвесторларды ең алдымен қаланың инвестициялық мүмкіндіктері қызықтыратынын айтып, ол қызметті ұйымдастыруда негізгі қадамдарын жеңілдетілген форматта сипаттауға баса назар аударылу қажеттігіне тоқталып, аталған орталық бизнес өкілдерінің басын қосатын алаңға айналу керек екенін айтты. Атап айтсақ, «Бизнеске арналған үкімет» жобасын «SHYMKENT» ӘКК» АҚ-ғы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бірлесе жүзеге асырып отыр.


Сондай-ақ, Шымкентте «Бір терезе» қағидаты бойынша бизнесті қолдау мен дамытудың барлық шараларын қамтамасыз ететін фронт-офис мамандарының қызметіне кеңес алу үшін 5 мыңға жуық адам жүгінген. Бұл жұмыстар бизнес мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ инвесторларды тарту мақсатында ҚР Үкіметінің инвесторлар үшін «Бір терезе» фронт-офистерін құру туралы тапсырмасының негізінде орындалып жатыр.


Тиісінше, бұл орталықта инвесторлар мен кәсіпкерлерге 9 бағыт:

• мемлекеттік қызметтер көрсету,

• жобаға қолдау көрсету,

• маркетингтік қызметтер,

• бухгалтерлік қызметтер,

• мемлекеттік сатып алу бойынша кеңестер CT KZ сертификаттарын беру,

• қаржылық ұйымдар мен даму институттарының қызметтері,

• бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қызметтер,

• көші-қон мәселелері мен кеден, салық мәселелері бойынша қызмет көрсетіледі.


Айта кетейік, «Бизнеске арналған Үкімет» нарық пен мемлекеттік саясаттағы, экономика және заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып сәйкесінше үнемі жаңарып отырады.