ШЫМКЕНТ: Қазақ-герман кәсіпкерлері кездесті

0
1 090

Шымкентке Германияның еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі мен республикамыздың өзге өңірлерінде қызмет етіп жүрген неміс кәсіпкерлері келді.


ШЫМКЕНТ: Қазақ-герман кәсіпкерлері кездесті

Германияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тило Киннер сол елдің сыртқысауда палатасының делегацисын бастап Шымкентке келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Неміс кәсіпкерлерінің қаламызға келуіне орай, Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы дөңгелек ұйымдастырды. Жиынға басқарма басшысы Нүркен Бегулиев, Туризм басқармасының басшысы және "Shymkent" ӘКК-ның башылығы мен "Kazakh invest" өңірлік директоры қатысты.


"Мен неміс кәсіпкерлерін бастап келіп отырмын. Себебі, оңтүстік өңірінің дамуы өте қарқынды. Өзара қарым-қатынастық екі жақ кәсіпкерлерінің әріптестігіне айналары хақ. Бизнес инфраструктура мен әкімшілік ұйымдастыру жұмыстары жақсы, жауапкершілігі жоғары, халықаралық қарым-қатынастар жоғары деңгейде жолға қойылған жерде жақсы дамиды", - дейді елші.

Кездесу барысында неміс кәсіпкерлерді өндіріс, логистика, құрылыс, өңдеу саласында ұсыныстары бар екенін айтып, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.