ШЫМКЕНТ: Қазақстан халқы Ассамблеясы «Бірге күліп, шатанайық!» қайырымдылық шарасын өткізді

0
2 023

"Жас буынға қамқорлық жасау дәл осы мереке қарсаңында ескерілетін шаруа емес, ол барлық уақытта қоғамның назарында болатын маңызды міндет."


ШЫМКЕНТ: Қазақстан халқы Ассамблеясы «Бірге күліп, шатанайық!»  қайырымдылық шарасын өткізді

Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 150 балаға қайырымдылық шарасы ұйымдастырды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шымент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Бірге күліп, шатанайық!» қайырымдылық шарасын өткізді. «Достық үйінің» ауласында өткен ауқымды шарада ұйымдастырушылар балдай тәтті балдырғандарға қызыққа толы сый ұсынды.
Мерекелік шараға қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, қаладағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 150-ден астам бала қатысты.
Салтанатты жиында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов мерекенің маңызына тоқталып, балаларға ыстық лебізін білдірді.
"Кез келген ел келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Біз қолдан келгеннің бәрін сендер үшін жасаудамыз. Ал болашақта сендердің Қазақстанның игілігі үшін аянбай еңбек етеді деп сенеміз. Жас буынға қамқорлық жасау дәл осы мереке қарсаңында ескерілетін шаруа емес, ол барлық уақытта қоғамның назарында болатын маңызды міндет. Осы орайда, балаларды қолдауға әрдайым қол ұшын созып жүрген қалалық ассамблея мүшелеріне алғысымды білдіремін", - деді М.Қалмұратов

Іс-шарада арнайы мерекелік дастархан жайылып, барша балаларға сыйлықтар мен балмұздақтар таратылды. Ал, қалалық Оқушылар сарайының өнерпаздары бүлдіршіндердің назарына ертегілер желісімен дайындалған қызықты сахналық қойылымдар мен көңілді ойындар ұсынды.


Сондай-ақ, осы күні қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге азербайжан, славян этномәдени бірлестіктері Шымкент қаласындағы №11 емханада тіркеуде тұрған мүгедек балаларға және қалалық №3 балалар үйіне арнайы барады. Онда ассамблея мүшелері жалпы 148 балаға сыйлықтар үлестіріп, ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.