ШЫМКЕНТ: Қазақстандағы алғашқы балалар бизнес жәрмеңкесі өтті

0
2 029

Шымкентте елімізде алғаш балалар бизнес жәрменкесі ұйымдастырылды. Оған 100-ге жуық бала қатысып, бизнестің қыр-сырын үйренді.


ШЫМКЕНТ: Қазақстандағы алғашқы балалар бизнес жәрмеңкесі өтті

Шымкент қаласында Қазақстандағы алғашқы балалар бизнес жәрмеңкесінде 100 аса кішкетай бизнесмендер өз өнімдерін ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Бүгін Шымкентте алғашқы балалар бизнес жәрмеңкесі өтті. Шараға 6 мен 14 жасқа аралығындағы 100 жуық балалар қатысты. Онда олар өз қолымен жасаған тауарлар мен бұйымдарын саудаға шығарып, әрбір тұтынушыларға өз өнімдерін ұсынды. Осылайша, олар бір күн бойы бизнеспен айналысып. Бизнестің қыр-сырын ұқты. Жәрмеңкеге қатысу барысында балалар көшбасшылық, өздері шешім қабылдайтын қарым-қатынас дағдылары мен жауапкершілік сияқты қасиеттерді меңгереді. Шараға дайындық барысында балалар «Shymkent» ӘКК» АҚ-ның «Shymkent business school Y17» бизнес-мектебінде тренингтік оқудан өтті.

Жәрмеңкені «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы қолдауымен «Shymkent» ӘКК» АҚ-ның ұйымдастыруымен өткізілуде. Шара соңында ұйымдастырушылар тарапынан бизнес мектебінің оқушыларына сертификат табысталды.

Айта кету керек, бүгінде мұндай жәрмеңкелер әлемнің 100-ден астам елінде өткізіледі.