Шымкент: кепілдендірілген әлеуметтік пакет ай сайын беріледі

0
1 582

Азық-түлік жиынтықтары өздеріңіздің тіркелген мекен-жайларыңыз (аудандарыңыз) бойынша MAGNUM сауда үйінде үйлестіріледі.


Шымкент: кепілдендірілген әлеуметтік пакет ай сайын беріледі

Кепілдендірілген пакет (соц.пакет) атаулы әлеуметтік көмекке іліккен отбасылардың 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларына беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Азық-түлік жиынтығы 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға және 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға беріледі. Азық-түлік жиынтығы ай сайын беріледі.

Мектепте күн сайын тегін ыстық тамақ, мектеп формасы (жылына бір рет, тамыз айында), оқу құралдары (жылына бір рет, тамыз айында), қалалық қоғамдық көлікте 50%-нан кем емес жол ақысы қарастырылған.

Азық-түлік жиынтықтары өздеріңіздің тіркелген мекен-жайларыңыз (аудандарыңыз) бойынша MAGNUM сауда үйінде үйлестіріледі. MAGNUM СҮ мекен-жайлары:

1. Әл-Фараби ауданы. Әйтеке би көшесі – Володарский көшесі, «Жамалбек қажы» сауда үйі.
2. Еңбекші ауданы. Шаяхметов көшесі, 5 А үй (Север)
3. Қаратау ауданы. Бәйдібек би көшесі, 25. Наурыз Парк СҮ.
4. Абай ауданы. «Бекжан комфорт» базары.