ШЫМКЕНТ: Көліктік бақылау инпекциясының басшысы аталған саладағы кемшілікті айтып берді

0
2 358

Инспекция кейде мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.


ШЫМКЕНТ: Көліктік бақылау инпекциясының басшысы аталған саладағы кемшілікті айтып берді

Шымкентте көліктік бақылау инспекциясының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметті тиімді және жедел түрде көрсету» тақырыбында іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Аталған жиында көлік комитетінің аумақтық инспекциясы тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жөнінде баяндама жасалып, қызмет көрсету барысында туындайтын барлық мәселелер талқыланды.


Атап айтсақ, көліктік бақылау комитеті автомобиль, теміржол және су көлігі саласында 19 түрлі мемлекеттік қызмет көрсететін бола, Шымкент қаласында солардың 8-не сұраныс басымдау екен. Ал, инспекция тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлерімен egov.kz ақпараттық жүйесі арқылы толықтай танысуға болады.


Сондай-ақ, бұл салада да мәселелер жоқ емес. Ол туралы Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Жолдасов Ержан Жақсылықұлы айтып берді.

«Біздің инспекция тарапынан көрсетілетін ең көп сұранысқа ие қызметтер қатарына ауыр жүк көліктеріне берілетін арнайы рұқсат және Қазақстаннан шетелге шығуға арналған халықаралық рұқсат жатады. Сондай-ақ, қазір бірқатар мәселелер шешімін тауып жатыр. Бірақ, бір ғана мәселе – кейде біз қызмет көрсетуден бас тартамыз. Оның себебі – кейбір құжаттардың дұрыс болмай қалуы, электронды үкіметтің ішінен кішігірім ақаулардың орын алуы болып есептеледі», - деді инспекция басшысы өз сөзінде.