ШЫМКЕНТ: Көпқабатты үйден өрт шықты

0
1 077

Шымкент қаласы 11 шағын ауданында Ш.Уалиханов көшесі бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрт орын алғандығы туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік пультіне хабарлама келіп түскен. "Оқиға орнына алғашқы 3 өрт сөндіру есептері 13 минут ішінде жетіп келген. Үйдің 2,3 және 4-қабаттарында электр қорабы мен электр есептегіштері жаныпты.


ШЫМКЕНТ: Көпқабатты үйден өрт шықты

Шымкент қаласында көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

24 сәуірде сағат 16.04-те Шымкент қаласы 11 шағын ауданында Ш.Уалиханов көшесі бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрт орын алғандығы туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік пультіне хабарлама келіп түскен. "Оқиға орнына алғашқы 3 өрт сөндіру есептері 13 минут ішінде жетіп келді. Үйдің 2,3 және 4-қабаттарында электр қорабы мен электр есептегіштері жанған. Өрт сөндіру қызметінің 14 адам жеке құрамы мен 4 техника өртті сөндірді. Сондай-ақ, оқиға орнында Медицина апаттар орталығы филиалының 1 бригадасы жұмыс жасады.

Өрт сағат 16.34-те оқшауланып, сағат 16.39-да толық сөндірілді"-деп хабарлайды Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Бір қуаныштысы, өрттен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің неден шыққандығын мамандар анықтап жатыр. Оқиға орнынан өрт сөндірушілер 22 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады, оның ішінде 10-ы бала.