Шымкент көшелерінің бірінде көкнәр гүлдеп тұр

0
3 902

Шымкентте қоғамдық жердегі гүлзарлардың бірінен есірткілік өсімдіктер табылды.


Шымкент көшелерінің бірінде көкнәр гүлдеп тұр

ERNUR.KZ. 2019 жылдың 3 мамырында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Консультативтік-кеңесші органның мүшесі Любовь Доброта полицияға хабарласып, орталық көшелердің бірінде есірткі тектес өсімдік заты өсіп тұрғаны туралы айтқан, деп жазады elitar.kz.

Шымкент ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шымкент қаласы ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел түрде аталған мекен-жайға барып, орталық көшелердің біріндегі аялдама жанындағы гүлзарда 1 дана «сора» өсімдігі мен 1 дана «көкнәр» есірткі тектес өсімдігі өсіп тұрғанын анықтады.



«Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасының СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 300-бабы, 1-б. бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Шымкент қаласы Полиция департаменті қылмыстың алдын-алуда белсенділік танытқаны үшін Любовь Добротаға алғыс айтады. Ал қала тұрғындарына алдағы уақытта осындай есірткі қылмысына қатысты мәліметтер болған жағдайда, мына телефондарға 98-00-61, 97-65-25 хабарласу керектігін ескертеміз",-делінген хабарламада.