Шымкентте көшедегі ашық қалған құдықтарға тұрғындар алаңдаулы

0
1 341

Бұл жерден күнде өтетінін, былтырғы жылдан бері ашық жатқанын, ата-анасының "абайлап жүр" деп күнде ескертетінін айтады.


 Шымкентте көшедегі ашық қалған құдықтарға тұрғындар алаңдаулы

Шымкент қаласы, Нәзір Төреқұлов көшесінің жол жиегінде лас су жиналатын орын ешқандай жақтаусыз, беті ашық күйінде қалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы сайттың редакциясына Шымкент қаласының тұрғыны жолдады.

Тұрғындардың айтуы бойынша, ағынды сулар жиналатын орын біраздан бері ашық жатқан көрінеді. Осы маңнан өтетін №1 мектеп оқушылары бұл жерден күнде өтетінін, былтырғы жылдан бері ашық жатқанын, ата-анасының "абайлап жүр" деп күнде ескертетінін айтты. Оған қоса басқа да тұрғындар осындай орындардың әлі күнге дейін неге ашық жатқанын айтып, алаңдаушылығын білдіруде.

Нәзір Төреқұлов көшесінің бойында қатарынан 4 кәріз құдығы бар бар. Оның бірінің ғана беті бекітілген болса, қалған екеуінің бетін қоқыстың қалдықтары мен жерге түскен жапырақтар жапқан, енді бірінің беті жабылмақ түгілі, жан-жағына шектеу де қойылмаған.

"Ойнау жүрген балалар үшін қауіпті", - дейді жергілікті тұрғындар.