ШЫМКЕНТ: Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері шетелдік студенттермен кездесті

0
961

ҚР аумағында жұмысқа орналасу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


ШЫМКЕНТ: Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері шетелдік студенттермен кездесті

Шымкент қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері қаладағы жоғары оқу орындарының шетелдік студенттерімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған кездесу Шымкенттегі М.Әуезов атындағы ОҚМУ, ОҚМПУ, «Silk way» Халықаралық университеті және Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, сонымен қатар, академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университеті мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы және «Мирас» университетінде ұйымдастырылып, шетелдік студенттер үшін көші-қон заңнамасына байланысты мәселелер бойынша ақпараттық-консультациялық семинар өтті.

Сондай-ақ, кездесу барысында Полиция қызметкерлері шет ел студенттеріне көші-қон есебі, ҚР аумағына келу және кету тәртібі, көші-қон картасы жоғалған жағдайда не істеу керек екендігі туралы және ҚР аумағында жұмысқа орналасу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ал студенттер болса, өз кезегінде көкейде жүрген сұрақтарға жауап алды.