ШЫМКЕНТ: Қошқар ата өзені бойындағы заңсыз дүңгіршектер жойылды

0
2 903

Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табады.


ШЫМКЕНТ: Қошқар ата өзені бойындағы заңсыз дүңгіршектер жойылды

Шымкент қаласы аумағында белгіленген жерлерден тыс орындардағы сауданы жою жұмыстарының 2019 жылға арналған іс-шарасы жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы «Шымкент қаласы аумағында белгіленген жерлерден тыс орындардағы сауданы жою жұмыстарының 2019 жылға арналған іс-шара» жоспарына сәйкес, Әл-Фараби ауданы «Қошқар ата» демалыс аумағындағы ретсіз саудамен заңсыз орналастырылған дүңгіршектер иелеріне Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты қызметкерлері ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде демалыс аумағындағы қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп тұрған заңсыз дүңгіршектер орындарынан алынды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табады.