ШЫМКЕНТ: ҚР аумағынан тыс паспортты қалай қалпына келтіруге болады?

0
292

Басқа елде жаңа құжатты рәсімдеу үшін 80 күнтізбелік күн қажет.


ШЫМКЕНТ: ҚР аумағынан тыс паспортты қалай қалпына келтіруге болады?

Жыл басынан бастап Шымкент қаласының ХҚО-лары арқылы Қазақстан Республикасының азаматтарына 105 500 паспорт пен жеке куәлік берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері Қазақстаннан тыс жерде жүріп, паспортқа қалай өтініш беруге болатынын айтты. Бұл жағдайда ауыстыру мерзімі 80 күнге дейін артады.
Ол үшін Сіз, өзіңіз тұрған елдегі ҚР елшілігіне немесе консулдығына барып, төмендегі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат:
- паспортты ауыстыру үшін - ҚР азаматының паспорты;
- 16 жасқа толмаған болса - туу туралы куәлік, ата-анасының бірінің жеке басын куәландыратын құжаты мен екіншісінің нотариалды рұқсаты;
- өлшемі 3,5х4,5 түрлі-түсті 4 фотосурет;
- тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу фактісін, отбасы жағдайын растайтын, медициналық анықтама (түпнұсқа және көшірме);
- консулдық төлем түбіртегі.
Басқа елде жаңа құжатты рәсімдеу үшін 80 күнтізбелік күн қажет.