ШЫМКЕНТ: Құрсай шағын ауданы 100% оптика желісімен қамтылды

0
951

Тұрғындар сапалы интернетті қолдануда.


ШЫМКЕНТ: Құрсай шағын ауданы 100% оптика желісімен қамтылды

Шымкент қаласы Қайтпас-1 және Құрсай мөлтек ауданы сапалы интернетпен қамтылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шалғай орналасқан елдімекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, Қайтпас- 1 және Құрсай да оптикалық желі арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамту жұмыстары жүргізілуде.

Құрсай шағын ауданы 100% оптика желісімен қамтылып, тұрғындар сапалы интернетті қолдануда. Қайтпас-1де Академиялық, Ғалымдар, Жаскент, Ақ қайнар көшелеріне оптика желісі тартылды. Көркем және Али Түзелбаев, Астық көшелеріне магистралды желі кабельдері тартылды. Сонымен қатар, серверлік үй жайда порттарға қосу жұмыстары атқарылып, Wi-fi роутерлардың конфигурациялары жазылды.

Қыркүйек айына дейін жалпы 80 көше толық оптика желімен қамтылып, аталған елдімекен тұрғындары сапалы интернетке қосылуға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, 2020 жылы интернет сапасы төмен және шалғай орналасқан Тұран, Шымсити, Шымсити-2, Асар-2, Асар, Достық, Солтүстік-Батыс, Көкбұлақ, Алтынтөбе, Айкөл, Ақтас шағын ауданына базалық станциялар орнатылды. Нәтижесінде 11 елді мекен 51700-ге жуық қала тұрғындары сапалы интернетпен қамтылды. Ал, өткен жылы қала аумағына және қаладан шалғай орналасқан Тұран, Шымсити, Шымсити-2, Асар-2, Асар, Достық, Солтүстік-Батыс, Көкбұлақ, Алтынтөбе, Айкөл, Ақтас шағын ауданына базалық станция А-2 трассасы, Аэропорт маңы, Солтүстік-Батыс, Қайнарбұлақ, Тассай, Құрсай, Р-32, Ынтымақ-2, Абдулабад, Забадам, Қайтпас-1, Нұртас, Асар, Самал-3 шағынауданына базалық станциялар орнатылып, жалпы он төрт тұрғын алабының 136 071 тұрғын сапалы интернетке қол жеткізді. Сонымен қоса, қаладан шалғай орналасқан 10 елді мекенге талшықты оптика желісі жүргізіліп, жүз мыңға жуық қала тұрғыны жоғарғы жылдамдықты интернетпен қамтылды. Қазіргі таңда Шымкент қаласының 92%-ы сапалы интернетпен қамтылған. Бұл көрсеткіш 2024 жылы 100%-ға жетеді деп күтілуде.