ШЫМКЕНТ: «Құтқарушылар күні» салттанатты түрде аталып өтті

0
1 477

Аталған салада еңбек сіңірген қызметкерлерге төсбелгілер мен алғыс хаттар табысталды.


ШЫМКЕНТ: «Құтқарушылар күні» салттанатты түрде аталып өтті

Шымкент қаласындағы «Көрме орталығында» Құтқарушылар күні қарсаңында салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған мерекелік іс-шараға Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің, оның ведомстволық бағынысты ұйымдары мен құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері мен ардагерлері, әкімдік пен қалалық мемлекеттік органдардың қызметкерлері, Мәслихат депутаттары мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, салтанатты шара барысында Шанин атындағы театр актерлері батыр Бахыт Алпысбаевтың қаза тапқаны туралы сахналық көріністі көрсетіп, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, іс-шара қонақтары мен ардагерлері қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сонымен қатар, мерекелік шараға қатысқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ. Нұртай, Мәслихат депутаты Г.Құрманбекова мен Шымкент қаласы бойынша «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов Төтеншеліктерді құттықтай отырып, Шымкент қаласының әкімі Е. Айтахановтың атынан өрт-құтқару спортының үздік спортшыларына, ТЖ департаментінің қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстады. Одан бөлек, департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Е.Бахаев жеке құрамға және ардагерлерге Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың құттықтауын жеткізіп, Министрлік пен ТЖ комитеті басшылығының атынан медальдар, төсбелгілер, құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.

Ал, салтанатты жиын соңы Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияның және Шымкент қаласының №1 Балалар саз мектебінің шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.