Шымкент: Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдікті ұсталды

0
2 561

Ол досының жамбас бөлігін өткір затпен жарақаттаған.


Шымкент: Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдікті ұсталды

Шымкенттік полицейлер қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінген 22 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ол досының жамбас бөлігін өткір затпен жарақаттаған. Олардың арасында келіспеушлік болып, соңы жанжалмен аяқталған.

Аталған факті Қаратау аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-тармағына сәйкес (денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы қасақана зиян келтіру) тіркелген.

Зиянкестен ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі алдын-алу шарасы қолданылды.