ШЫМКЕНТ: Қызметтік көліктер қанша ақшаға сатылғаны белгілі болды

0
1 218

Көліктер электронды аукцион арқылы саудаланған.


ШЫМКЕНТ: Қызметтік көліктер қанша ақшаға сатылғаны белгілі болды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте сатылға елу екі қызметтік көліктің құны 34 330 464 теңгені құраған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы А.Қарабалаев бүгінгі баспасөз брифингі барысында айтты. Оның айтуынша, электронды аукцион арқылы саудаланған темір тұлпарлардың жалпы құны – 34 330 464 теңгені құраған.

Сондай-ақ, қаладағы 34 мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері алаңдарына талдау жүргізіліп, 13264 шаршы метр артық жай анықталған.

«Анықталған артық жайдың 5350,4 шаршы метріне өзге де мекемелердің орналасуы салдарынан үнемделген бюджет қаражаты 29 283 мың теңгені кұрады», - дейді департамент басшысы.