ШЫМКЕНТ: Магистратураға тест тапсырушылардан 1300-ден астам телефон алынған

0
1 369

Шымкент қаласындағы тестілеу 10-14 тамыз аралығында М.Әуезов атындағы ОҚМУ мен ОҚМПУ-да өткен.


ШЫМКЕНТ: Магистратураға тест тапсырушылардан 1300-ден астам телефон алынған

Шымкентте ұлттық бірыңғай тестілеу форматында магистратураға емтихандар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласындағы магистратураға тест тапсырудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, Арнайы мониторингттік топ мүшелері, сондай-ақ білім беруді бақылау саласындағы мамандар қатарынан бақылаушылар тобы құрылған.

Нәтижесінде, бақылаушылар 2,5 мыңға жуық талапкерден тестке кірер кезде 1300-ден астам мобильді құрылғы мен көптеген шпаргалка тауып алған. Сондай-ақ, ұялы телефон мен шпаргалка кіргізіп, емтихан барысында қолданғаны үшін 69 талапкер аудиториядан шығарылған.

Сонымен қатар, биылғы емтиханның өту барысын қоғам өкілдерімен бірге тест тапсырушылардың туыстары да онлайн режимде бақылау мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы тестілеу 10-14 тамыз аралығында М.Әуезов атындағы ОҚМУ мен ОҚМПУ-да өткен болатын.