ШЫМКЕНТ: Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау маусымда өтеді

0
2 050

15 сәуірде порталға аталған білім ордаларындағы конкурстың іріктеу кестесі ілінеді.


ШЫМКЕНТ: Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау маусымда өтеді

Шымкент қаласында 1-30 наурыз аралығында мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау туралы талапкерлердің (5,7,8,9,10,11 сыныптарға) өтініштері қабылданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұндай білім беру ұйымдарына қаладағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған №1 ІТ лицей –интернат, Дарынды балаларға арналған №2 үш тілде оқытатын мектеп-интернат, «М.Х.Дулати» атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 мектеп – гимназия, «Білім – инновация лицейі» №1 Ер балалар интернаты, «Білім – инновация лицейі» №2 Қыз балалар интернаты, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №90 мектеп-гимназиясы кіреді.
Өтініштер www.qabyldau.daryn.kz электронды порталында тіркеліп, құжаттарды қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
15 сәуірде порталға аталған білім ордаларындағы конкурстың іріктеу кестесі ілінеді. 1-20 маусым аралығында конкурстық іріктеу барлық санитарлық талаптарға сай оффлайн режимінде (тестілеу) өтетін болады.