​ШЫМКЕНТ: Медицина қызметкерлеріне ауа тазартқыш құрылғысы тарту етілді

0
940

Бұл жоғары технологиялық құрал бөлме ауасын таза және қауіпсіз сақтауға мүмкіндік беретін заманауи технология негізінде жасалған.


​ШЫМКЕНТ: Медицина қызметкерлеріне ауа тазартқыш құрылғысы тарту етілді

Шымкентте коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне ауа тазартқыш құрылғысы тарту етілді. Сыйлықтарды ақ халаттыларға «ZEPTER International» компаниясының қызметкерлері жеткізіп берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қайырымдылық шара коронавирус инфекциясы пандемиясына қарсы күресте аянбай еңбек етіп жүрген медициналық қызметкерлерін қолдауға бағытталған. Игі іс шараға мұрындық болған компания атынан қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасы, №2 оңалту орталығы мен «Мейірім» оңалту орталығына замануи үлгідегі “Therapy Air ® iOn” ауа тазартқыш қондырғысы берілді.

Бұл жоғары технологиялық құрал бөлме ауасын таза және қауіпсіз сақтауға мүмкіндік беретін заманауи технология негізінде жасалған.

Аталған медициналық ұйымдарда коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарға емдеу іс шараларын жүргізеді.

Халықаралық компания коронавирус инфекциясымен күресте зор үлесін қосып жүрген медицина қызметкерлеріне алғысын осылай білдіруді жөн деп тапты.