ШЫМКЕНТ: Мектеп директорларына ақша жинауға тыйым салынғаны ескертілді

0
893

Биыл қалада 8 885 оқушы мектеп бітіріп отыр.


ШЫМКЕНТ: Мектеп директорларына ақша жинауға тыйым салынғаны ескертілді

Шымкентте мектеп директорларына ақша жинауға тыйым салынғаны ескертілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен қалалық білім басқармасы бірлесе білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша онлайн жиын өткізді.

Шараға Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев, қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева,басқарма қызметкерлері мен мектеп, колледж директорлары қатысты.

Шара барысында Талғар Серікбаевбілім беру саласының өкілдерін оқу жылының аяқталуымен құттықтай келе, білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған ағымдағы жұмыстар туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, ол білім беру ұйымдарында кез келген алым-салымға тыйым салынатындығы жөнінде қатысушыларды ескертті.

Өз кезегінде қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, әр білім мекемелерінің басшыларына ақша жиналмау қажеттігін ескертті.

Айта кетейік, биыл қалада 8 885 оқушы мектеп бітіріп отыр. Оның ішінде 546 «Алтын белгі» иегері және ерекше атестат алатын 356 түлек бар.