Шымкент мектептеріндегі кадет сыныптары қарқынды дамып жатыр

0
897

Үшінші мегаполистің оннан астам мектебінде кадет сыныптары жұмыс істейді.


Шымкент мектептеріндегі кадет сыныптары қарқынды дамып жатыр

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында кадет қозғалысы өз қатарына балаларды көбірек тарту арқылыкүннен-күнге дамып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласының оннан астам мектебінде кадет сыныптары жұмыс істейді. Сондай-ақ, Шымкент қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары оқушылармен тәлімгерлік жұмыстар жүргізіп, оларды өз қызметімен таныстырып отырады және бұл кездесу дәстүрге айналып үлгерген.

Осындай іс-шараның бірі жақында №45 мектеп-гимназиясында ұйымдастырылып, Шымкент қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы полиция майоры Алиева Әсия кадет сыныбындағы балалармен кезекті рет кездесу өткізді.

Кездесу барысында балалар тәртіп сақшыларының күндері қала тұрғындарының тыныштығын қамтамасыз етумен өтетіндігі туралы біліп, өздерін патрульдердің рөлінде сезіне алды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының киімдерін киіп, қызметтік көлік құралымен танысты.

Айта кетейік, кадет сыныптарында балаларға азаматтық-патриоттық тәрбие беруге ерекше көңіл бөлінеді. Жалпы білім беретін пәндерден басқа, оқушылар саптық және дене шынықтыру дайындығымен айналысады, құқықтық сабақтарға қатысып, алғашқы көмек көрсету дағдыларын шыңдайды. Кадеттер жас қозғалыс инспекторларының қырларын меңгереді.