ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік қызметкерлер арасында пікір сайыс өтті

0
1 294

Сайыс жеңімпаздары Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық турнирде Шымкент қаласының атынан қатысатын болады.


ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік қызметкерлер арасында пікір сайыс өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті пікір-сайыс ойынын ұйымдастырды деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аталған сайыстың жеңімпаздары Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық турнирде Шымкент қаласының атынан қатысатын болады. Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, сондай-ақ студент жастардың ел алдында тұрған міндеттерге қол жеткізуде хабардар болуы, сондай-ақ болашақ мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыру болып табылады.

Сайыс мемлекеттік және орыс тілдерінде өтіп, әр топта бір мемлекеттік қызметші мен бір студенттен қатысты. Пікір-сайыс барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамада көрсетілген өзекті мәселелер қамтылды. Бүгінгі таңда Агенттіктің алдында тұрған басты мақсат инновациялық мемлекеттік қызметке көшу болып табылады, оған жету жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларсыз мүмкін емес.

Осы ретте, Агенттікпен барлық мемлекеттік қызметшілер мен студенттер арасында республикалық деңгейде пікірсайыс ұйымдастырылуда. Мұндай іс-шараларға қатысу мемлекеттік қызметшілерге тиімді қызмет ету үшін талдау және сын тұрғысынан ойлау, өз ұстанымдарын дәлелдей білу, байланысқа бейімділік, креативтілік, сондай -ақ, күтпеген жағдайларда жедел әрекет ету секілді маңызды, икемді дағдыларды сапалы шыңдауға мүмкіндік береді. Қалалық деңгейде өткізілген сайыста мемлекеттік тілдегі топтар арасында 1-ші орынды тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Д.Байтенов пен Академик А.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетінің студенті Б.Әлібек иеленсе, орыс тіліндегі топта Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының бөлім басшысы Г.Ашенова мен М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенті В.Сафронова жеңіске жетті.