ШЫМКЕНТ: «Менің Туым –менің Отаным!» патриоттық акциясы өткізілді

0
1 869

Ауқымды шара «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы және «Jas Otan» жастар қанатының қолдауымен өтті.


ШЫМКЕНТ: «Менің Туым –менің Отаным!» патриоттық акциясы өткізілді

25 қазан күні Шымкент қаласындағы «Меga Planet» сауда, ойын-сауық орталығында «Менің Туым –менің Отаным!» кезекті патриоттық акциясы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ауқымды шара «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы және «Jas Otan» жастар қанатының қолдауымен өтті.

Патриоттық акцияның негізгі мақсаты - мемлекеттік туды қоғамдық орындарда, сауда және ойын-сауық орталықтарында, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында орналастыру болып табылады.

Акция мемлекеттік туды көтеру салтанатымен басталып, әнұран орындаумен жалғасын тапты. Шараға қатысушылар үшін бүгінгі күннің мән-маңызы ерекше екені байқалады.


Акция соңында, шара ұйымдастырушылары «Nur Otan» партиясының Мемлекеттік туды кеңінен насихаттау және қазақстандық жастар арасында патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатындағы «Менің туым, менің Отаным!» патриоттық акциясын қолдауға және оны белсенді жүзеге асыру үшін ат салысуға шақырып, келесі кезекті «Мұз сарайы» сырғанақ алаңына жолдады.