ШЫМКЕНТ: Момышұлы көшесіндегі жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталады

0
322

Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары биыл наурыз айында басталған болатын.


ШЫМКЕНТ: Момышұлы көшесіндегі жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталады

Шымкент қаласында биыл 182 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Соның бірі – орталық көше саналатын Б.Момышұлы көшесі.
Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары биыл наурыз айында басталған болатын. Қаланың маңызды көшесі саналатын бұл жолдың құрылыс жұмыстарын «Омар-Транс» ЖШС-ы атқарып жатыр. Техникалық қадағалаушы - «Глобус Инжиниринг» ЖШС-ы.
Б.Момышұлы көшесінің жалпы ұзындығы екі жолақты 2,1 шақырымды құрайды. Жолдың төменгі түзету қалыңдығы 4см болса, асфальт бетонның беткі қабаты 5см болады.
Жөндеу жұмыстары толығымен қазан айына дейін аяқталады деп күтілуде.