ШЫМКЕНТ: Мыңнан астам отбасыға қайырымдылық жасалды

0
887

Бұл туралы ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі мәлімдеді.


ШЫМКЕНТ: Мыңнан астам отбасыға қайырымдылық жасалды

Шымкент қаласында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 1060 отбасыға азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны» үлестірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің бастамасын аясында ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Әл-Фараби ауданына қарасты елді мекенінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, ұлағатты ұстаз Сахыбек қажы Әзімбайұлың әулеті «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы қатысып, қолдау көрсетті.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрмтаұлы, Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов, қалалық Дін істер басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Тахирұлы, дінтанушы Қалиолла қажы Маджанов, шаһар бас имамы орынбасары Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаевтар қатысты.