ШЫМКЕНТ: "Наурыз-Керуені" мерекелік шарасы өтіп жатыр

0
2 260

Шымкент қаласында өтіп жатқан "Наурыз-Керуені" мерекелік шарасы аясында "Ақ бүрку" салтанаты жаңғыртылмақшы.


ШЫМКЕНТ:

Бүгін Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы және әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйытқысымен "Наурыз-Керуені" мерекелік шарасы бастау алды - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Наурыз алаңынан шыққан Наурыз-керуенінде түйеге мінге ақсақалдар керуенді бастап шықты.

Жастар жағы атқа мініп, жаяулатып жолға шықты. Ал арбаларға мінген әжейлер ән айтып, керуен көркін жастармен бірге қыздыра түсті. Керуенде домбырадан күй, баяннан әндер орындалып, Дендросаябақты бетке алды. Онда қазақтың салт-дәстүрі "Ақ бүрку" салтанатын өткізбек.