ШЫМКЕНТ: Наурыздан бастап мұғалімдерге коронавирусқа қарсы екпе салынады

0
2 622

Жыл соңына дейін 6 млн адам вакцинацияланады деп жоспарланып отыр.


ШЫМКЕНТ: Наурыздан бастап мұғалімдерге коронавирусқа қарсы екпе салынады

Шымкент қаласында вакцинациялау кезең бойынша іске асады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл ретте контингенттер мынадай түрде бөлінген:


2021 жылғы 1 ақпаннан бастап -

I кезең – инфекциялық ауруханалар, жедел медициналық жәрдем, реанимация және қарқынды терапия бөлімі, медициналық-санитариялық алғашқы көмек, ауруханалардың қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері жатады – 100 000 адам;


биылғы наурыздан бастап -

II кезең – жалпы білім беретін мектептердің, арнаулы орта оқу орындарының, жоғары оқу орындарының педагогтары, ведомстволық медициналық қызметінің медицина қызметкерлері – 150 мың адам;


биылғы сәуірден бастап -

III кезең – мектеп-интернаттар, балалардың мектепке дейінгі мекемелері педагогтары, студенттер, созылмалы аурулары бар адамдар – 600 мың адам;


биылғы мамырдан бастап -

IV кезең – Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметінің қызметкерлері, басқа стационарлардың медицина қызметкерлері, БМДМ персоналы және созылмалы аурулары бар адамдар – 600 мың адам;


биылғы маусымнан бастап -

V кезең – медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы, балалардың жабық мекемелерінің қызметкерлері және созылмалы аурулары бар адамдар – 600 мың адам;


биылғы шілде айынан желтоқсанға дейін -

VI кезең – тәуекел тобындағы қалған контингент – 600 мың адам.


Осылайша, жыл соңына дейін 6 млн қазақстандыққа вакцина егу жоспарланған. Өндірушіден медициналық ұйымдарға дейінгі барлық жолында вакцинаның сапасын қамтамасыз ету мақсатында GDP стандарты «салқын тізбектің» әрбір кезеңінде жауапты адамдардың болуын көздейді.

Айта кетейік, бұл жөнінде бүгін Үкімет отырысында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады.