ШЫМКЕНТ: Назарбаев даңғылындағы көпқабатты үйді су алды (видео)

0
1 192

18 мамыр күні Шымкент қаласына жауған күшті нөсер салдарынан Назарбаев даңғылын су алып, сол маңайдағы көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан өткен.


ШЫМКЕНТ: Назарбаев даңғылындағы көпқабатты үйді су алды (видео)

Шымкент қаласында жаңа үйлердің пәтерлерін су басты-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Демалыс күні жауған нөсер салдарынан Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бойында орналасқан көп қабатты тұрғын үй пәтерлерінен жауын суы сорғалады. Үшінші мегаполистің әкімшілік іскерлік орталығындағы бұл үйлер 3-4 жыл бұрын ғана пайдалануға берілген екен.

Назарбаев даңғылы 47 үйдің тоғызыншы қабатында тұратын Динараның отбасы бұл үйге үш жыл бұрын ғана көшіп келген. Жаңа үйден жаңа баспанаға ие болған Динараның қуанышы көпке созылмаған көрінеді. Қыстағы қар мен ерте көктемдегі жауын шатырдан өтіп жаңа пәтерден сыздықтап ағып тұрады. Түсқағаздары қабырғадан ажырап әуреге салған бұл жайды Динара талай рет әкімдікке айтып арызданған. Қалалық әкімдіктің қызметкерлері "Үйді салған мердігер "Ақорда"компаниясы бір айдан соң хабарласады" деп шығарып салған, одан кейін де ешкім хабарласып төбе көрсетпеген.

"Бұл үйге көшіп келгенімізге енді 3 жыл болады. Қыстың соңы, көктемнің басында қар суы төбемізден ағып бар бөлменің түсқағазының түгін қалдырмап еді. Енді міне сәл нөсерден төбемізден төпелеп су ақты. Қалалық әкімдікке шағымданғанбыз. Ерте көктемде олар бір айдан соң мердігер компания жөндеп береді деген. Бір ай өтті. Жым жырт. Сотқа арыз түсірем дегем. Пәтеріміздің ремонтынан түк қалмады. Төбемізден тура бар тесіктен су ағып пәтерде кешіп жүрдік жаңбыр суын. Жиһаздарымыз да быт-шыт болды. Бүгін қалалық әкімдіктен адамдар кеп кетті. Ремонты бар, жиһаз бар шығынды кім өтейді? "Ақорда" ма, жоқ әкімдік па... Пәтерді ипотекаға алғанбыз. Ай сайын 50 мыңнан оны төлейміз. Ай сайын КСК -ге 900 теңге төлейміз. Төбеден су сорғалағанда КСК ның бір адамын келтіре алмадым. 9 айлық баламды көтеріп шырылдадым да қалдым"-дейді 47 үйдің 9 қабатында тұратын Динара.


"Шатырды жөндеу мердігер "Ақорда"компаниясының міндеті дейді бірі, енді бірі әкімшілік дейді. Әкімшілік КСК жөндеу керек дейді. Бұл бірінші рет емес. Төбемізден су сорғалап тұрғанға да селк етпейтін болдық. Ешкімге жалынбай ақ көршілер жабылып жүріп ортадан ақша жинап жөндемек ойымыз да болды. Бірақ тым қымбатқа түсетіні білген соң оны да қойдық. Бұл үйің тұрғындарының басым бөлігі бюджеттік мекемелердің қызметкерлері. Ай сайын кем дегенде әрқайсысы 50-60 мың теңгеден ипотекалық несие төлейміз"- дейді ашынған тұрғындар.