ШЫМКЕНТ: "Нұрсәттегі" көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетін қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды

0
1 049

Қазіргі таңда "АРТ құрылыс" ЖШС-нің 30 жұмысшысы қасбетті қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда.


ШЫМКЕНТ:

Шымкенттегі "Нұрсәт" шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін ретке келтіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Нұрсәт" шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетін қайта қалпына келтіру жұмыстарын қала әкімі М.Әйтенов тиісті мекемеге тапсырған болатын.

Қазіргі таңда "АРТ құрылыс" ЖШС-нің 30 жұмысшысы қасбетті қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда. Қосымша 5 құрылыс техникасы, яғни, 1 кран, 1 газель және 2 жүк көлігі мен 12 жеделсаты тартылған.

Сыртқы әрлеу жұмыстарын талап етіп отырған үйлер әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Бүгінде сол мәселе бойынша нөмірі №19, 20 көпқабатты тұрғын үйлердің бүгінде алғашқы үш қабаты бесқұдық таспен кейінгі қабаттары жауын-шашынға төзімді материалмен қаптау жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстары қала күніне орай, яғни маусым айында аяқталады деп жоспарлануда.