ШЫМКЕНТ: “Нұртас” мөлтек ауданындағы су жинақтағыш имараттың құрылысы жақында аяқталады

0
576

Нысан құрылысы 1000 м3 су жинайтын 2 резервуардан, 2 насос, трансформатор және бақылау пунктінен тұрады.


ШЫМКЕНТ: “Нұртас” мөлтек ауданындағы су жинақтағыш имараттың құрылысы жақында аяқталады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов “Нұртас” елді мекенінде ораналасқан су жинақтағыш имарат құрылысын тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Айта кетейік, бұл имарат “Нұртас” елді мекені аумағында көп қабатты үйлердің салынуына байланысты алдағы уақытта су жетіспеушілігін болдырмау мақсатында салынып жатқан стратегиялық нысан.
Нысан құрылысы 1000 м3 су жинайтын 2 резервуардан, 2 насос, трансформатор және бақылау пунктінен тұрады. Аумағы темірбетон және болат сыммен қоршалған. Сонымен қатар, нысанда 2 дана темір қақпа құрылысы мен көлік қою тұрағы және қоқыс тастау алаңшасы қаралған.
Аталмыш имарат құрылысы желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Қала басшысы құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.