ШЫМКЕНТ: Нұртас шағын ауданы биыл ауыз сумен қамтылады

0
307

2500 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.


ШЫМКЕНТ: Нұртас шағын ауданы биыл ауыз сумен қамтылады

Шымкент қаласы Нұртас шағын ауданы биыл сапалы ауыз сумен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту жұмысы – қала әкімдігінің күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. Қазіргі уақытта қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту және су сапасын арттыру мақсатында 11 елдімекенде құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Бұл жылы барлығы 9 елдімекенде құрылыс жұмысы аяқталып, 25 мыңнан астам қала тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Биыл ауыз су мәселесі шешілетін елдімекендер қатарында Нұртас шағын ауданы да бар.
Қаратау ауданына қарасты Нұртас шағын ауданындағы жаңа құрылыс аумағын ауыз сумен қамту жұмысы осы жылдың маусым айынан басталған.
Мердігер мекеме «Turan Energo Group» ЖШС тарапынан жүргізілген құрылыс жұмыстарының бүгінде 45 пайызы аяқталды. Жоба бойынша ұзындығы 40,8 шақырымды құрайтын ауыз су құбырының бүгінде 18,36 шақырымы орнатылды.
Қараша айында құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, Нұртас шағын ауданындағы 2500 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.