ШЫМКЕНТ: Нұртас шағын ауданы қарашада сапалы ауыз сумен қамтылады

0
472

Құрылыс жұмыстарының бүгінде 90 пайызы аяқталды.


ШЫМКЕНТ: Нұртас шағын ауданы қарашада сапалы ауыз сумен қамтылады

Шымкент қаласы Нұртас шағын ауданында ауызсу жүйелерінің құрылысы қараша айында аяқталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаратау ауданына қарасты Нұртас шағынауданындағы жаңа құрылыс аумағын сапалы ауызсумен қамту бойынша биыл маусым айында құрылыс жұмыстары басталған болатын.
Мердігер мекеме «TURAN ENERGO GROUP» ЖШС тарапынан жүргізілген құрылыс жұмыстарының бүгінде 90 пайызы аяқталды. Жоба бойынша жалпы ұзындығы 40,8 шақырым ауызсу құбырының бүгінде 38 шақырымы орнатылды.
2021 жылдың қараша айында құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, Нұртас шағынауданындағы 850-ге жуық абонент сапалы ауызсумен қамтылатын болады.