ШЫМКЕНТ: Оқушы қыздар арасында футболдан жеңімпаздар анықталды

0
564

Жарысқа Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты 136 мектеп командаларынан 1400 оқушы қатысты.


ШЫМКЕНТ: Оқушы қыздар арасында футболдан жеңімпаздар анықталды

Шымкентте осы жылдың қыркүйек айында басталған оқушы қыздар арасындағы "Мектеп Қыздар Футбол Лигасы" ойындары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жарысқа Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты 136 мектеп командаларынан 1400 оқушы қатысты.

Футбол лигасын ұйымдастырудағы басты мақсат, оқушылардың түрлі спорт ойындары арқылы олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру бос уақыттарын тиімді пайдалану. Сабақпен қатар спортқа да уақыт тауып, салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау.
Тартысты ойындар нәтижесінде №39 ЖОББМ оқушы қыздары бірінші орынға лайық деп танылды. Ал ІІ орынды №69 мектептің қыздары иеленсе, ІІІ орынды №47 мектеп жеңіп алды.
Жарыс жүлдегерлері мен жеңімпаздары кубок, медаль, грамоталармен марапатталды.