ШЫМКЕНТ: Олимпиадалық резервке дайындайтын спорт мектебі күрделі жөндеуден өтті

0
527

Жөндеу жұмыстары биыл шілде айында басталып, толығымен аяқталды.


ШЫМКЕНТ: Олимпиадалық резервке дайындайтын спорт мектебі күрделі жөндеуден өтті

Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы Ғ.Мәуленқұлов, Ләззат Тәжиева атындағы №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жөндеу жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ләззат Тәжиева атындағы №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын.
Жөндеу жұмыстары биыл шілде айында басталып, толығымен аяқталды.
Жөндеу жұмыстары кезінде 5800м2 құрайтын ғимараттың іші-сырты толығымен әрлеп-сырланды. Спортшылардың киім ауыстыру, дәретхана және жуыну бөлмелеріндегі кафельдер ауыстырылды. Спорт алаңшасына жұмсақ резеңке төселіп, терезе мен есіктері толықтай жаңартылды. Сыртқы жарық шамдары, жылу, кәріз жүйелері де ауыстырылды. Бұл туралы қала басшылығының аралауы барысында мектеп директоры Джаксыкулов Бахытжан баяндады.
Спорт мектебі Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, 262-квартал, 405/406 учаскісінде орналасқан.