Шымкент: «Оңтүстік» индустриалды аймақта жаңа кәсіпорын іске қосылды

0
1 845

Кәсіпорын қорғасын және мыс өнімдерін өндірумен қатар түсті металл мен арматура өндірісінің технологиялық желісі болып табылады.


Шымкент: «Оңтүстік» индустриалды аймақта жаңа кәсіпорын іске қосылды

«Оңтүстік» индустриялды аймағы тағы бір кәсіпорынмен толықты. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Шымкент Смелтинг» ЖШС іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кәсіпорын қорғасын және мыс өнімдерін өндірумен қатар түсті металл мен арматура өндірісінің технологиялық желісі болып табылады.

Өндіріс орны жылына 12 000 тонна қара қорғасын және 1 600 тонна қара мыс қуаттылығын жоспарлап отыр. Жобаға жалпы құны 2 млрд теңге жеке инвестиция тартылды. Сонымен қатар, зауыт 200 адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр.
Елімізде жер қойнауында кең сұрыптамалы және жоғары сапалы болат өнімдерін өндіру үшін барлық қажетті шикізат материалдары бар. Республикада қайта түлеп жатқан тау-кен металлургиялық және энергетикалық кешендері мен сақталып қалған ғылыми-техникалық әлеуеті қазіргі уақытта заманауи технологияларды игеруге қабілетті.
Тау-кен металлургия кешені Қазақстанныңмакроэкономикалық көрсеткіштерін қалыптастыруға елеулі әсер ететін экономиканың базалық және әлеуметтік маңызы бар саласы болып табылады. Бұл сала Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларындағы, Қазақстанның 2025 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму Стратегиясындағы басымдықтардың бірі болып айқындалған.
Бүгінгі таңда металлургия саласы - Қазақстан өнеркәсібінің бәсекеге барынша қабілетті және серпінді дамып келе жатқан секторларының бірі. Қазақстан өз өнімдерін экспорттауға бағдарланғанын атап өту маңызды. Тау-кен өнеркәсібінің негізгі импорттаушы елдері – Ресей, Қытай және Еуропалық Одақ елдері.