ШЫМКЕНТ: “Ордабасы” футбол командасы жеңіске жетті

0
406

Ойынның екінші бөлігін командалар гол соқпай 2:0 есебімен аяқтады.


ШЫМКЕНТ: “Ордабасы” футбол командасы жеңіске жетті

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы Қазақстан Чемпионатының үшінші турында Талдықорғанның «Жетісу» командасын қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда өткен тартысты матчтың алғашқы таймында «Ордабасы» ойыншылары Б.Абдухоликов пен Ш.Умаров қарсылас қақпасын дәл көздеді. Ойынның екінші бөлігін командалар гол соқпай 2:0 есебімен аяқтады.
"Ордабасылықтар" ел чемпионатының биылғы маусымын жеңістен бастаған болатын. Алғашқы турда өз алаңында «Каспийден» басым түссе, сырт алаңда «Шахтер» командасын жеңді.
Осылайша үш ойындағы 9 ұпаймен жергілікті спортшылар турнирлік кестеде көш басына шықты.
Айта кетейік, 23-26 наурыз күндері өтетін Қазақстан ұлттық құрамасының матчтарына «Ордабасы» сапынан 6 ойыншы шақырту алды.