ШЫМКЕНТ: «Ортағасырлық Шымқала керуені» мерекелік іс-шарасы өтті

0
471

Мерекелік жиын "Шымқала" тарихи-танымдық сағатымен басталды.


ШЫМКЕНТ: «Ортағасырлық Шымқала керуені» мерекелік іс-шарасы өтті

«Шымқала» тарихи- мәдени кешенінде қала күніне орай «Ортағасырлық Шымқала керуені» мерекелік іс шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шара қала тұрғындары мен қонақтарына көне Шымкент тарихын насихаттау, ұмыт болған салт-дәстүрлермен таныстыру, дәуірлер бойынша танымдық ойын-сауық ұйымдастыру, көне шаhардың дәстүрлі базарларын жаңғырту, салттық өнер мен сазды қойылымдар арқылы мәдени мұраларды ұлықтауды мақсат еткен.

Мерекелік жиын "Шымқала" тарихи-танымдық сағатымен басталды. Кешенге келуші қонақтарға қаламыздың өткені мен бүгінін таныту, келешек ұрпаққа терең тарихын насихаттау мақсатында танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
"Көне Шымқаладағы ұлттық бұйымдар" жәрмеңкесінде ұлттық нақышта жасалған қолөнер шеберлерінің ағаштан, жүннен және былғарыдан жасалған бұйымдарынан сауда-саттық көрмесіне түрлі заттар қойылды. Қолөнер бұйымдарын жасаудан шеберлік сабақтар өтіп, ұмыт бола бастаған ұлттық бұйымдарымыздың жасалу жолы көрсетілді.
Сонымен қатар, қала тұрғындары ашық алаңда ұлттық ойындар - аударыспақ, асық ату, қол күрес, арқан тарту және тоғызқұмалақ ойындарын тамашалады.
Мерекелік іс-шарада театрландырылған қойылым ұсынылып, этно-фольклорлық концертте ұлттық аспаптар насихатталды.