Шымкент: Өткен тәулікте 1 адам короновирус жұқтырды

0
603

Бүгінгі таңда коронавирустан емделген науқастар саны 5 108-ге жетті.


Шымкент: Өткен тәулікте 1 адам короновирус жұқтырды
Шымкент қаласында 2020 жылғы 12 қазандағы жағдай бойынша өткен тәулікте вирус жұқтырған бір науқас тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылғы 12 қазандағы жағдай бойынша COVID-19 – дың 5203 жағдайы тіркелген. Оның ішінде - 2648 симптомдық, 2554 – симптомсыз. Сондай-ақ, қалада 11 қаңтардан 12 қазанға дейін пневмонияның 18 341 жағдайы тіркелген болса, оның 18 191-і ауруынан айыққан.

1 тамыздан бастап covid-19 белгілері бар пневмониямен 869 пациент тіркелді.
Бүгінгі таңда коронавирустан емделген науқастар саны 5 108-ге жетті.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мамандары инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында сақтық шараларын қатаң ұстану қажеттігін ескертеді.