“Shymkent Plaza" сауда-ойын орталығында вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
623

Сауда орталықта 20,21 сәуір күндері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.


“Shymkent Plaza

“Shymkent Plaza" сауда-ойын орталығында ковидке қарсы вакцинациялау жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұндағы жылжымалы егу пунктінде темір жол ауруханасының мамандары орталық қызметкерлері мен ерікті түрде келген қала тұрғындарына ковидке қарсы екпе егуде. Медицина мамандары сауда орталықта 20,21 сәуір күндері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Айта кетейік, қоғамдық орындар мен арнайы мекемелерде ұйымдастырылған егу пунктеріне кез келген қала тұрғыны келіп, ерікті түрде вакцина салдыртса болады. Екпеден бұрын азамат міндетті түрде сауалнама толтырып, дәрігердің тексеруінен өтеді. Қарсы көрсетілімдері болмаса, ковидке қарсы вакцина салдыртуына болады.