"Шымкент Плаза" СОО-да кітаптар сөресі ашылды

0
2 336

Бұл сөреге 200-ге жуық кітаптар қойылды.


Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Bookcrossing» жобасы аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай кітаптар сөресі ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кез-келген оқырман осы кітап сөрелерінен өзін қызықтыратын оқулықтарды тегін алып оқуына, сонымен қатар ұнатқан кітабын жеке кітапханаларындағы кітаппен алмастыруына болады.

Осындай тәжірибенің арқасында оқырманның кітап сөресі әрқашан кітапқа толып, жаңарып отырады. “Bookcrossing” қозғалысы Америка Құрама Штаттарында пайда болып, қысқа мерзімде көптеген елдерде қолдау тауып, оның мүшелерінің саны қазіргі таңда 1,5 миллион адамнан асқан. Айта кету қажет Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай орнатылған кітаптар сөресінің ашылуына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қалалық департаменті, Абай атындағы кітапхана мен Шымкент қалалық жастар мәслихатының мүшелері атсалысты. Жалпы қойылған әр түрлі жанрдағы кітаптар саны 200-ге жуық.