ШЫМКЕНТ: Полицейлер қорғанудың маңызды екенін түсіндіріп, маска таратты

0
977

"Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз"


ШЫМКЕНТ: Полицейлер қорғанудың маңызды екенін түсіндіріп, маска таратты

Шымкент қаласында халық арасында індеттің алдын алу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда тұрғындарға медициналық маска таратты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Карантин режимін бұзған азаматтарға 30 АЕК көлемінде айыппұл белгіленген болатын. Ал, шымкенттік полицейлер карантин тәртібі бойынша қоғамдық орында маскасыз жүрген азаматтарға шара көрудің орнына медициналық маска таратып қана қоймай сақтық шарасын қатаң сақтауды түсіндірді.

Айта кетейік, аталған шара қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.