ШЫМКЕНТ: Полицейлер "кортежбен" көшеге шыққан көліктерге 70-ке жуық хаттама толтырған

0
1 096

Шымкентте полицейлер 25 мамыр күні автокөлік жүргізушілеріне 64 хаттама толтырған.


ШЫМКЕНТ: Полицейлер

25 мамыр күні Шымкенттік жол сақшылары қаладағы мектептерде өткен "Соңғы қоңырау" шарасынан кейін шаһар көшелеріне қымбат көліктермен шеруге шығып, жол ережесін бұзғандарға хаттамалар толтырған - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, көліктерінің терезелерін күнгірттеген үшін 34, қауіпсіздігі белдігін тақпағандарға 11, автокөлікті басқарып отырып ұялы телефонмен сөйлескендерге 7, авариялық жағдай туғызғандарға 4 хаттама толтырылған. Бұдан өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша да көлік иелеріне өзге баптармен хаттамалар толытырылып, айыппұл салынған.

Дереккөз: Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі