ШЫМКЕНТ: Полицейлер «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр

0
1 572

Шымкенттік полицейлер 25-30 наурыз аралығында «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізіп жатыр.


ШЫМКЕНТ: Полицейлер «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр

Шымкент қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ағымдағы жылдың 25-30 наурыз аралығында қала аумағында Республикалық «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау жайтын алдын-алу, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу жайттары анықталады. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталатын заттарды (атыс, суық қару, денсаулыққа зиян келтіре алатын басқа заттар, есірткі және психотроптық заттар) тәркілеу болып табылады.