Шымкент полицейлері жан тебірентерлік ролик түсірді

0
1 137

Балалар үйіндегі шырша мерекесіне келген Аяз ата балғынның ең қасиетті арманын орындауға уәде береді.


Шымкент полицейлері жан тебірентерлік ролик түсірді

ERNUR.KZ. Қарағандыда қазіргі экс-полицей өзін Антибиотикпен салыстырып жүргенде, Шымкент қаласының полиция департаменті балалар, полицейлер және мереке туралы көңіл толқытарлық ролик түсірді, деп жазады elitar.kz.

Сюжет желісі төмендегіше. Балалар үйінің әкімшілігі ондағы тәрбиеленушінің жоғалып кеткені туралы полицейлерге хабарлайды. Жедел-іздестіру шарасына кіріскен тәртіп сақшылары баланы тауып, оны балалар үйіне жеткізіп,содан кейін балғындардың арманын орындайды.

Ролик мұнымен аяқталмайды. Балалар үйіндегі шырша мерекесіне келген Аяз ата балғынның ең қасиетті арманын орындауға уәде береді. Тәртіп сақшысын еске алған балақай полиция қызметкері болғысы келетінін айтады. Ары қарай не болғанын роликтен тамашалаңыз.