ШЫМКЕНТ: Полиция департаментінің бастығы 2019 жылы қылмыс санының азайғанын айтты

0
1 842

Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е.М.Жумаханбетов ол топта өзі де отыратынын айтты.


ШЫМКЕНТ: Полиция департаментінің бастығы 2019 жылы қылмыс санының азайғанын айтты

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы 2019 жылдың алғашқы 8 айы бойынша халық алдында есеп берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е.М.Жумаханбетов құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес және ішкі істер органдарының құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша халыққа есеп беріп, қаладағы жалпы криминогендік жағдайға және ағымдағы кезеңнің жедел-қызметтік жұмысы нәтижелеріне тоқталып, барлық қылмыс түрлерінің ашылуы жоғарылағанын атап өтті.


Басқарма басшысының айтуынша, қала аумағында 2019 жылдың алғашқы 8 айының қорытындысы бойынша жалпы қылмыс саны өткен жылға қарағанда 12,5 %-ға төмендеген. Оның ішінде аса ауыр қылмыстар 46-дан 28-ге, адам өлтіру фактісі 21-ден 10-ға, денеге ауыр жарақат салу 43-тен 34-ке және қарақшылық қылмысы 20-дан 14-ке кеміген. Одан бөлек, қоғамдық орындар мен көшелердегі жол-көлік апатының алдын алу мақсатында, әсіресе кептеліс орын алатын көше қиылыстарында 2 қызметкерден таңғы сағат 07:30-дан 09:30-ға дейін, түскі 12:30-дан 14:30-ға дейін және кешкі сағат 17:30-дан 19:30-ға дейін кезекшілік атқарылып, тиісінше 8 айлық көрсеткіш бойынша қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар да азайған.


Сонымен қатар, аталған іс-шара барысында есеп беру жиынына қатысушылар алаяқтық жайттары, аула, көше қауіпсіздігін қамтамасыз ету, пәтер және ұялы телефон ұрлығын ашу бойыншатергеу жұмыстарына қатысты сұрақтар қойып, Полиция департаментінің бастығы барлық сұрақтарға толық жауап берді және тұрғындар тарапынан қабылданған ұсыныстар мен тілектер бойынша әр сала басшысына тапсырма берді.

Сондай-ақ, жиын соңында Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен қаланың қауіпсіздігін сақтауға және қылмыстың ашылуына өз септігін тигізген қала тұрғындары алғыс хатпен марапатталды.