ШЫМКЕНТ: Самал-3 мөлтек ауданы сапалы интернетпен қамтылады

0
611

Жыл соңына дейін мөлтек аудан 100% оптика желісімен қамтылатын болады.


ШЫМКЕНТ: Самал-3 мөлтек ауданы сапалы интернетпен қамтылады

Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Самал-3 мөлтек ауданына жеке инвестор «i-LinkNet» ЖШС арқылы талшықты оптика желісін жүргізу жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында инвестор тарапынан мөлтек ауданнан жер телімі сатып алынып, серверлік құрылғы орнатылуда және Самал-3 мөлтек ауданындағы Барак хан көшесінен талшықты оптика желісін жүргізу жұмыстары басталды.
Тиісті жұмыстар атқарылса, жыл соңына дейін мөлтек аудан 100% оптика желісімен қамтылатын болады.