ШЫМКЕНТ: Саябақтарда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді

0
595

Бұл жұмыстар 30 маусымға дейін жалғасатын болады.


ШЫМКЕНТ: Саябақтарда  залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді

Шымкентте маусымдық кезеңдегі бекітілген жоспарға сәйкес жалпы 1 991 714 шаршы метрді құрайтын саябақтар мен гүлзарларда залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Залалсыздандыру жұмыстарын жүргізудегі басты мақсат - қала тұрғындарын саябақтар мен гүлзарларда кене шағу жағдайынан және олардан жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу.
Айта кетейік, аталған жұмыстарға «Ветеринариялық қызмет» МКК-ның 6 бригададан құралған 18 дезинфектор мамандары қажетті құралдармен, көлік және жеке қорғану заттарымен жұмылдырылған.
Бүгінгі таңда қала аумағында жалпы 745 350 шаршы метрді құрайтын саябақтар мен гүлзарлар аумағына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар 30 маусымға дейін жалғасатын болады.